Четверг, 28 ноября, 2024

Мейрамбек Бесбаевтың шаңырақ көтергеніне 19 жыл толды

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев үйлену тойындағы суреттерді топтастырып, әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық бейнежазба жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Өнер иесі: “Бүгін үйленгенімізге 19 жыл” деген жазба жариялап, үйлену тойындағы суреттерімен бөлісті. Желі қолданушылары әншінің жас кезін еске алып, Мейрамбектің бозбала шағында көп қыздың арманы болғанын айтты.

“Мейрамбек үйленгенде талай қыз жылап еді”, “Талай қыздың арманы болған Мейрамбек”, “Бақыттарыңыз баянды болсын”, “Кеше ғана 18-ге толғанын күтіп жүрген едіңіз, 19 жыл өтіп кетіпті ғой”, “Бірге қартайып, ұрпақтарыңның жақсылығын көріңдер”, – деп ізгі тілектерін арнады желідегілер.

Айта кетейік, әнші Мейрамбек Бесбаев пен жұбайы Мархабат 2004 жылы 8 шілде күні заңды некесін қидырып, отбасын құрған еді. Бүгінде ерлі-зайыптылар Кәусар есімді қыз бен Әбухайыр есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған