Сауд Арабиясында қатты жел соғып, найзағай ойнады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ауа райының қолайсыздығынан Мекке мен Жидда қалалары, сондай-ақ басқа да бірқатар аймақ зардап шекті. Желдің қатты болғаны сонша, ауыр заттар да ұшып кетті. Екпінді жел Меккегк умра қажылығына келгендердің қозғалысына қауіп төндірді. Кейбір видеолардан Жидданың солтүстік шығысындағы Асфан-роудта жел мен нөсер салдарынан электр бағандарының құлап жатқанын көруге болады.
Бұған дейін Жиддада дауыл соғып, аспанды шаң басып қалғаны хабарланған болатын. Ал умра қажылығын өтеушілер құлшылықтарын жаңбыр астында жалғастырды. Сейсенбі күні таңертең Сауд Арабиясының Ұлттық метереологиялық орталығы елдің алдағы 24 сағатқа арналған ауа райы жағдайын сипаттайтын ескерту жариялады. Ескертуге сәйкес, Мәдина, Мекке, Асир, Джазан және Әл-Баха сияқты аймақтарда дауылмен бірге найзағай ойнауы мүмкін.
Наджран және Табук аймақтарында дауыл соғады деп болжанады. Хафр әл-Батин, Әл-Саман және Рафхта ауа температурасы 47°С-қа дейін көтерілсе, Әл-Судта бар-жоғы 14°С болды, ал ылғалдылық деңгейі 95%-ға жетті.