Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі басталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Тәжікстан Президентінің мемлекеттік сапарына орай, салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Эмомали Рахмонов пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Тәжікстан басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Жалпы, сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.