Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрлерді тағайындады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.
Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.
Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.