Мемлекет басшысы өз сөзінен кейін CNN журналисі, модератор Ричард Квесттің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент мырза, сіз ашықтық, төзімділік туралы айттыңыз. Сіз делегаттар мен қатысушыларды оларды диалогқа енгізуге шақырдыңыз. Сіздің ойыңызша, қай жағдайда форум сәтті өтеді?», — деп сұрақ қойды модератор.
«Менің ойымша, біз қазіргі кездегі проблемалардың, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін мәселелердің мәнін тереңірек түсінуіміз керек. Шыны керек, кейінгі кездері бүкіл әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Ең алдымен, біз мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз айқайлаған тақырыптың өзіне байланып қалмай, оның аясынан шығып, бізді біріктіретін мәселелердің мәніне назар аударуымыз керек. Қысқаша айтқанда, біз оларды шешуіміз керек. Менің көзқарасым бойынша, диалог, пікір алмасу және сіз айтқандай, қарама-қайшылықты, соғыстар мен қақтығыстар идеологиясын ашық оймен жеңу керек», — деп жауап берді мемлекет басшысы.