Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екібастұздықтардың пәтерлеріндегі температураны тұрақтандыруды тапсырды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.
Сонымен қатар, Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.