Среда, 27 ноября, 2024

Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған