Среда, 27 ноября, 2024

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған күшті жарылыстан 44 адам қаза тапқан болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған