Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.
Теги: