Среда, 27 ноября, 2024

Мемлекет басшысы «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.

Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті.

Президент кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған