Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
-
Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
-
Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
-
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
-
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.