Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.