Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
«2023 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы» баяндама жасады.
«Биылғы 2 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері келесідей қалыптасты. Мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге шамасында кірістер түсті немесе жоспар 107,6%-ке орындалды», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кірістер түсті немесе жоспар 100,5%-ке орындалған.
«Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды», – деді Қаржы министрі.