Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебіне оқушылары Наурыз мейрамына музыкалық тосын сый дайындады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Олар әнші Ерболат Құдайбергеннің «Мен қазақпын» әнін домбыраға салып орындап шықты.
Видеоны OYU жобасы әлеуметтік желілердегі парақшасында бөлісті.
OYU- түрлі жанрдағы әртістердің live-қойылымдарын жинаған музыкалық жоба.