Анголалық Элиша Ферейра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.
Шетелдік студенттердің бірі — Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.
«Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім — Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» — дейді Элиша Ферейра.
Қасым-Жомарт Тоқаев әңгіме барысында Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істеп жүрген кезінде бұл елге барғанын айтқан.