Сайлау алдындағы үгіт-насихат жиындарының бірінде партия кандидатының ашумен айтқан сөздері көптің ызасын тудырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Өйтіп дауыс көтермеңдер! Менің шешем емессіңдер сендер дауыс көтеретіндей. Ал керек болса, сайламасаңдар теріс сайлаңдар ал!», — деген шендінің айқаймен айтқан сөзі көптің қызу талқысына түсті.
Көпшілік ол адамды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген «Аманат» паритясы өкілдерінің бірі деп топшылады.
«Ашулы ғой», «Масқара», «Халық айқайласа жетпеген соң айқайлайды», «Халықтың бір сөзін көтере алмасаң» деген пікірлерін жазуда.