2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Патрульдік полиция жасақтары күшейтілді, жаяу патрульдік бағыттар әзірленді. Адамдар көп жиналатын нысандарда, сондай-ақ мерекелік және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған орындарға ерекше назар аударылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік туды. Негізінен бөтеннің мүлкін ұрлау басым болды. 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада 30 бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі тіркеліп, оның 24-і «ізін суытпай» және жедел тергеу барысында ашылды. Сонымен қатар, бұл күндері қалада 2 бұзақылық, 1 тонау орын алды. Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, 2 есірткі қылмысы анықталды», — делінген департамент таратқан ақпаратта.