Өрт Меркі мемлекеттік орман қорының 3,4,16,17 кварталының жерлерін, Аспара — Меркі орманшылығын қамтыды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға 273 адам және 28 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде «Қазавиаорманқорғау» РМҚК су төгу құрылғысы бар 2 өрт сөндіру ұшағы, Жамбыл облысы ТЖД 1 тікұшағы бар», — делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарламасында.
ForestGarysh.kz деректеріне сәйкес аталған аумақта 42 өрт нүктелері анықталды. Ең жақын елді мекен — Меркі ауданының Талдыбұлақ ауылына дейінгі қашықтық – 20 шақырымды құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.