Четверг, 28 ноября, 2024

Мерзімді қызметтегі әскерилерге «несие каникулы» беріледі

Мерзімді қызметтегі әскерилерге «несие каникулы» беріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Құжатқа қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қол қойған. Бұл бастама мерзімді қызметтегі әскерилердің әскери борышын өтеу мерзімінде қарыздары туралы ойламауына мүмкіндік береді.

«Несие бойынша төлемді кейінге қалдыру әскерилердің барлық банк пен микроқаржы ұйымдарындағы ақшалай несиесін «бір күйде қалдырады» деп болжанады, — делінген хабарламада.

Ресми деректерге сәйкес, ол үшін Қорғаныс министрлігінің агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара арнайы алгоритмі әзірленген.

«Әскерге шақыру науқаны кезінде жиналған болашақ Отан қорғаушылардың банктегі несиелері мен шағын несиелері туралы ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы мәліметтер негізінде кредиторлар негізгі борыш бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, сыйақы төлеу және берешекті өндіріп алудың барлық нысанын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды», — деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған