Среда, 27 ноября, 2024

Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды

ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгені туралы хабарлады, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«2022 жылғы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты», — делінген ведомство сайтында.

Биыл 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттаған.

«Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», — деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған