Четверг, 28 ноября, 2024

Министр Оралов TikTok басшылығымен қазақтілді контентті дамытуды талқылады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов TikTok платформасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

TikTok платформасының өкілдерімен кездестім. Компанияның өңірлік басшылары мен менеджерлері бар шетелдік делегацияны TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи бастап келді. Біз қазақ тіліндегі контентті дамыту және қазақстандық спортты, мәдениет пен туризмді ілгерілету мақсатында екіжақты ынтымақтастықты талқыладық, — деді министр.

Қонақтар Қазақстанның әлеуетін атап өтіп, еліміздегі алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Мәдениет, спорт және туризм бөлігінде мемлекеттік тілде контент жасау — біз үшін басым бағыттардың бірі. Әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы ретінде ақпаратты жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолданудың маңызын жақсы түсінемін. Мен Instagram және Facebook парақшаларымды белсенді жүргіземін, жақында ғана Telegram-да канал аштым. Бұл халыққа ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Қонақтар Қазақстанның әлеуетін атап өтіп, еліміздегі алдағы жоспарлар туралы айтып берді, — деді Оралов.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің ашықтығын және министрліктің жұмысын көрсетуге, аудиторияны өз жобаларына тартуға дайын екендігін атап өтті.

TikTok екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Мысалы, компания жазда #кітапток челленджінің екінші толқынын өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанда контент өндіру бойынша арнайы тренингтер өткізуге дайын екендіктерін хабарлады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған