Вторник, 26 ноября, 2024

Министр Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Үкімет отырысында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елімізде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.

«20-дан аса ел коронавирус инфекциясы өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Біз динамика бойынша былтырғымен салыстырғанда, керісінше, 30 есеге жуық төмендегенін көріп отырмыз. Бақылауда ұстап отырмыз», — деді Ажар Ғиният.

Ол бүгінде шағымдармен келіп, стационарда ем алып жатқан науқастар бар екенін атап өтті. Бұл ретте жұқпалы ауру ауруханаларының толу көрсеткіші небәрі 2 пайыз болады.

«Ел бойынша вакциналар бар, 200 мыңнан аса доза вакцина бар, екпе алғысы келгендер вакцинацияланады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, шектеу шаралары күтілмейді», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған