Вторник, 26 ноября, 2024

Министр Қуантыров шахтаға түсіп, жұмысшылардың жағдайымен танысты

Үкімет кулуарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандық кеншілердің қандай жағдайда жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жуырда өткен Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында министр Сәтбаев қаласының іргесіндегі Анненский кенішіне түскен.

«Мен кеншілермен сөйлестім, түрлі мәселелермен таныстым. Бірақ жалпы алғанда бұл кәсіпорын кеншілерінің жалақысы айтарлықтай жоғары деп айта аламын, орташа жалақы 700 мың теңгеден асады, кейбіреулері млн теңге де алады. Бұл, әрине, жұмыстың қауіптілігіне де байланысты», – деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар ол қазақстандық кеншілердің қандай жағдайда жұмыс істейтініне де тоқталды.

«Жұмыс жағдайы өте ауыр. Шахтада ауа жетпейді, бір түрлі иіс бар. Әрине, шахтаның ауқымы, техникалық жағы мені таң қалдырды, бірақ бұл шахта жалпы деңгейде деп айта аламын. Шахтинскідегі көмір шахталарын көру керек, болашақта ол жаққа да барармын», – Әлібек Қуантыров.

Осы орайда министр кеншілердің зейнет жасын төмендетуді қолдайтынын атап өтті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған