Четверг, 28 ноября, 2024

Мұхамеджан Тазабек тұрмыс құрмаған қыз-келіншектерге кеңес берді

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге ер жігіттің бойындағы екі қасиетке мән беру керегін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Құрметтің қарындастар, арулар. Бір нәрсе білген соң жанашырлықпен айтқың келеді. Егер сіз жігітпен көңіл қосамын, “осы жігіт қалай болады?” деген хәлде жүрсеңіз екі нәрсеге сақ болыңыз. Егер сізге ниет білдіріп жүрген жігіттің бойында, тұрпайы мінез болып, боқтап, тіпті сізге қол көтеретіндей жағдайға жетіп жатса – ол сіздің бақытыңыз емес. Екіншіден, сараңдық көрсетіп, сізден ақша сұрап, тіпті сізде банкке апарып кредитке кіргізетіндей нәрсенің шетін сезіп жастаңыз, ол сіздің қамқоршыңыз, асыраушыңыз емес. Себебі ислам ғұламалары сараң, тұрпайы, мінезі жаман жігітке қызын бермеген. Иә, ол өзінің теңін табар. Бірақ алақанымыздағы аруларымыздың жары ондай болмау керек. Сондықтан қарындастарым, жігіт адам тұрпайы мінезді, сараң, тиынға тісін сындыратындай болса, одан қашыңыз. Ол сіздің бақытыңыз да, қамқоршыңыз да, асыраушыңыз да емес. Тек қана проблемаңыз”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Ақынның аруларға айтқан ақылы көп келіншектерге кеш жетіпті. Желі қолданушыларының арасында жігіттің сол қасиетін ескермей, күйеуге шыққан әйелдер өкінетінін жеткізді.

“Осы сөздер, уағыздар бұрын қайда болды? Дұрыс айтылған”, “Бұл сөздерді ертерек естігенімде ғой. Қателікке бой алдырмас едім”, “Кезінде күйеуге шығар кезде осы сөздерді естімедік?”, “Жастарға өте керек кеңес”, “Осылай айтып жеткізсе, қыздарымыз адаспайды”, “Көзіміз кеш ашылыпты”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған