Четверг, 28 ноября, 2024

Мұхтар Жәкішевтің жаза өтеу мерзімі аяқталды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің жазасы толық аяқталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ол 2009 жылы уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айыппен ұсталып, 14 жылға сотталған болатын. Сосын 2020 жылдың наурызында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Сол кезде жазасының үш жыл, екі ай және 17 күні қалған. Енді кеше толық жазасы аяқталды. Шартты түрде босап шыққанда тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болды.

Жәкішев әуелі Семейде, кейін Қарағанды облысындағы Долинка елді мекенінде жазасын өтеген еді.

Айта кетейік, ол «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын 1998-2009 жылдар аралығында басқарды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған