Четверг, 28 ноября, 2024

Наурыз халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын – Әлихан Смайлов

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов қазақстандықтарға осындай тілегін білдірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.

Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!», — делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған