Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Нақтыланған бюджет аясында ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінен шамамен 130 млн теңгені қысқартатын боламыз. Қаражат 1-1,5 млрд теңгесі шамасында бөлінген. Содан шамамен 130 млн теңгені алып тастаймыз. Бұл тек осы жылға ғана», — деді Дәурен Темірбеков Сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.