Отандық әнші Нұрболат Абдуллин мен жұбайы үшінші сәбиінің жынысын білу үшін гендер пати жасады. Бала жынысын анықтау үшін түсірілген видеоны әншінің жұбайы Гүлфарида Жұбаева Instagram желісіне жүктеді, деп жазады Arda-ақпарат.
«Күтіп жүргендеріңізді білемін. Негізі басында бұл рәсімді жасамаймыз дегенбіз. Тек Шахназ бен Табиғат қашан шар жарамыз деп жылап жүрді. Әрі біреуі “қыз” десе, екіншісі “ұл” деп таласып жүрген. Жалпы қай ана үшін де, бауыр еті баласының ұл немесе қыз болғаны маңызды емес. Себебі Алла ананы сондай махаббатқа толы жүрекпен жаратқан. Бар баласын бөліп жармай, бірдей жақсы көреді.
«Бір баласы бардың — шығар шықпас жаны бар. Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың Бұқарада бұты бар, Хорасанда қолы бар»деген сөз бар. Аллахым үшінші сәбиіміздің де бақытты отбасында туылып, өсуін нәсіп етсін», — деп жазды Нұрболат Абдуллиннің жұбайы. Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин мен жұбайы Гүлфарида бүгінде Табиғат және Шахназ есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram