Четверг, 28 ноября, 2024

Нұрлан Әлтаев аса ауыр жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды

7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижесінде экс-вице-министр Н.Б.Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И.Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

2018-2020 жылдары жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И.Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен.

Н.Б.Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған