Пятница, 29 ноября, 2024

Нұрлан Еспанов жалғыз ұлының үйленуіне не себепті қарсы болғанын айтты

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында ұлы Олжастың шаңырақ көтеруіне қарсылық білдіруінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Кетіп қалатын қыз болған соң балама бір ауыз айтқан болатынмын. “Олжастай, сен үйде жалғыз ұлсың. Бізді тастап қайда барасың?” дедім. Ол қыз шетелде оқиды, кетіп қалатын болған соң: “Бізді тастап қайда кетпексің? Біз не істейміз? Үйдегі қыздарға тәрбие бермесең мен ие бола алмаймын ғой” деп тоқтаттым. Біздің үйде қыздар көп. Өзім үйде де көп болмаймын. Мен үйге келемін, киім-кешегімді жинап, басқа жаққа ұшып кетемін”, – дейді әнші.

Дегенмен өнер иесі ұлын үйлендіруге асық.

“Мен тойға барғанда қыздар менімен суретке түсуге келеді. Олардың бәрі ұлым Олжасты таниды. Бірақ үйленетін қыз жоқ. Өзі де іздеп жүр. Қыздар, құлақтарыңыза алтын сырға, менің ұлыма хабарласыңыздаршы”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған