Среда, 27 ноября, 2024

Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі сатылымға шығарылды

Танымал сайттардың бірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Kolesa.kz сайтында экс-президентке тиесілі Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7 автокөлігін сатып алу ұсынылған. Көлікті ерекше етіп тұрған басты нәрсе — бронь.

Оның корпусы зауыттық брондалған капсулаға негізделген. Бұған мысал ретінде Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің 1998 жылы мінген Mercedes S600 Guard көлігін айтуға болады. Президент көлік жүргізіп келе жатқан кезде оған гранатометтер мен ауыр пулеметтен оқ жаудырған. Алайда ол қауіпке қарамастан аман қалған еді. Путинде де осындай көлік болған. Ол кейіннен көлікті 1,3 миллион еуроға сатып жіберді.

Көлік иесінің айтуынша, көлік қазір Таразда тұр.

«Салон өте ыңғайлы. …S600 күзетілетін жолаушы үшін өте ыңғайлы. Ал бронь қорғау деңгейін ескере отырып, Mercedes S-Guard зауыттық бронь көліктері неліктен ондаған жыл бойы VIP адамдардың көпшілігінің таңдауы болғанын түсіне бастайсыз. Көлік бағасы қымбат болғанымен, өмірдің құны бұл көліктен қымбатырақ. Мұндай өмірде бір-ақ рет болады. Бұл көлік өміріңіздің бүкіл тарихын құрайды. Бағасын білген адамға! Нақты сатып алатын адаммен ғана саудаласуға болады! Варианттар бар», — деді көлік иесі.

Көлік иесі Mersedes үшін 222 миллион теңге сұрады. Бірақ нақты сатып алушы болса бағаны көтеруге уәде береді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған