Четверг, 28 ноября, 2024

«Нұрсұлтан» шыңының атауы «Алматы»деп өзгертілді

«Нұрсұлтан» шыңының атауы «Алматы» шыңы болып өзгертілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құжатта 8 және 9 шілдеде Алматыда қазақстандық альпинизмнің 93 жылдығына арналған халықаралық альпиниаданың өтетіні хабарланған.

«Мереке аясында жиналғандар қаланың аты аңызға айналған Алматы шыңы 4376 метрге (1930-1935 ж. – «Алматы» шыңы, 1935-1997 ж. – «Комсомол» шыңы, 1997-2023 ж. – «Нұрсұлтан» шыңы) көтеріледі», – деп жазылған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин мақұлдаған құжатта.

1935 жылға дейін бұл шың «Кіші Алматы», 1998 жылға дейін «Комсомол» шыңы деп аталды. Кейін ол Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Нұрсұлтан» деп аталды. Алайда соңғы өзгеріске қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Шың Іле Алатауының Тянь-Шань жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Биіктігі – теңіз деңгейінен 4,3 км. Бұл Алматының кез келген жерінен көрінетін ең биік және ең әдемі шыңдардың бірі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған