Танымал әнші Нұржан Керменбаев үшінші ұлы Имранның 1 жасқа толуына орай тұсаукесер өткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Отбасылық жиын туралы әншінің жұбайы Назерке өзінің желідегі парақшасында жазды.
“Имран 1 жас. Тұсау кесер кешінен естелік. Тұсауын Елмұран ағамызға кестірдік. Имран кілт таңдады, ойланбады да. Көкесіне ұқсаған бизнесмен болып, ай сайын көлік ауыстыратын болды деп күлдік. Отбасымызбен өзіміз ғана болдық. Салтымыздан асып кетпейік деп, ырымын жасадық. Қадамыңа нұр жаусын”, – делінген жазбада.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
“Қадамы құтты болсын”, “Жасы ұзақ, дені сау болсын”, “Қадамы оң болсын”, “Еліміздің парасатты, атқамінер азаматы болсын”, “Құтты болсын”, “Болашағы жарқын болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.