Қазақстандық спортшы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы нысана көздеуден əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды,ARDA-AKPARAT.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлімдегендей, отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.
Бұл сайыста швейцариялық Вивьен Джой Джегги әлем чемпионы атанды. Ол Арина Алтуховадан 1,6 балл артық жинады.
Қола медаль де тағы бір швейцариялық спортшы Эмели Джеггиге бұйырды.