Четверг, 28 ноября, 2024

Ойын бизнесін реттеу: Қазақстанда көзқарасты өзгертетін уақыт келді

Посткеңестік және Еуропа мемлекеттерінде ойын бизнесі заңмен қалай реттелген? Еуропа елдері букмекерлер жұмысына қалай қарайды? Бұл салада қандай заңдарды қабылдаған? Елордада өткен ойын бизнесін реттеу жөніндегі халықаралық конференцияда осы мәселелер талқыға салынды. 19 сәуірде Астанада «Қазақстан Республикасының Бәс тігу және лотерея бизнесінің Өзін-өзі реттеу ұйымы» ассоциациясы ойын бизнесін реттеуші – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, 4H Agency консалтингігімен бірлесіп «Ойын бизнесін реттеу: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» атты халықаралық конференция өткізді. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Алматы облысының туризм басқармасы, 4H Agency халықаралық консалтингтік агенттігінің қызметкерлері және ТМД елдерінің ойын бизнесін реттеушілер және ойын бизнесінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанда ойын бизнесін реттеу туралы мұндай ауқымды деңгейдегі конференция алғаш рет ұйымдастырылды. Шараны өткізуге Мәдениет және спорт министрлігінің, Букмекерлік ӨРҰ қолдау білдірді. Қазақстанның мемлекеттік органдары бәс тігу саласына арналған халықаралық конференцияға алғаш рет қатысып отыр. Өзекті тақырыпқа арналған жиында сарапшылар мен ТМД елдерінен келген қонақтар: сала қатысушыларының өзара әрекеттесуі, ойын индустриясының еуропалық реттеушілері қызметінің ерекшеліктері, «жауапты ойын» құмар ойындардың принциптері, ойын индустриясының тұрақты дамуы, экономика мен бизнеске әсері, букмекерлердің салық төлеуі, заңсыз операторлардың ойын бизнесіне әсері туралы талқылады. Ал дамыған елдерде ойын индустриясын реттеушілер қызметінің ерекшелігі неде? 2023 жылы ойын бизнесін реттеу – лицензия түрлері, әртүрлі елдердегі ойын операторларын лицензиялау процесі (толық тыйым салу, монополия, жекелеген салалық вертикалдарға тыйым салу және ашық нарық) қалай жүзеге асады? Ойын және спорт индустриясының өзара әрекеттесуі – букмекерлік кеңселердің елдегі спортты дамытуына қалай әсер етеді? Букмекерлік кеңсе сайттарына «жауапты ойын» функциясын қосу неліктен маңызды? Осы және өзге де сұрақтар аясында отандық эксперттер мен ТМД елдерінен келген спикерлер пікір алмасты.

Конференцияға қатысушылардың айтуынша, алдыңғы қатарлы елдер ойын бизнесі индустриясын әлдеқашан біржақты еткен. Мысалы, Еуропада ойын бизнесі арқылы мемлекеттің бюджетіне жыл сайын миллиардтаған салық түсіп жатыр. Әрине, бұл өз кезегінде ойын индустриясы туралы заңды реттеген елдердің экономикасына оң әсер етеді. Оған қоса, заңнаманы жетілдірген мемлекеттерде үлкен спорттың даму көрсеткіші жоғары. Қалай дейсіз ғой?! Өйткені Еуропада букмекерлер спорттық жарыстардың бірден-бір демеушісіне айналған.

Құмар ойынға еуропалық көзқарас Еуропа елдерінде нарықты басқарудың екі үлгісі қолданылады: 1. Әдетте, Үкімет немесе кез келген министрлік бақылайтын жеке орган құру (көп жағдайда Қаржы министрлігі). 2. Белгілі бір министрліктің осы міндеттемелерді орындауы. Жалпы, Еуропа елдерінде құмар ойындар нарығын жеке, арнайы орган құру арқылы мемлекеттік реттеу – ең танымал модель.

Бұл таңдау құмар ойындар нарығының ерекшеліктеріне байланысты. Себебі мемлекеттік реттеу тұрғысынан осы шешім негізінде азаматтар мен қоғамның құқықтарын қорғау, бюджетті толтыру, қаржылық мониторинг және бір мезгілде оффлайн және онлайн бағыттары қамтылған. Аталған процесс оны экономиканың басқа салаларының ережелеріне сәйкес реттеуге мүмкіндік бермейді және әртүрлі салаларда тәжірибесі бар мемлекеттік сарапшыларды, сондай-ақ жекелеген реттеу және реттеу тәсілдерін тартуды талап етеді. Мысал ретінде ең дамыған еуропалық юрисдикцияларды қарастырайық: Мальта – Еуропалық одақ бойынша онлайн секторды реттеуді бастаған алғашқы мемлекет. Ұлыбритания – құмар ойындардың жақсы қалыптасқан және ұзақ уақыт бойы тиімділігі дәлелденген реттеуі бар елдердің бірі. Мұнда құмар ойын операторларының бірқатар әлемдік брендтері де орналасқан. Дания – құмар ойындарды реттеу саласындағы заманауи әзірлемелерді жинаған салыстырмалы түрде жақында ашылған нарық. Жуырда ашылса да бұл елдегі ойын бизнесінің аяқалысы жаман емес. Ойын бизнесін реттеу үшін Қазақстанға қайтпек керек?

Құмар және ойын бизнесі салаларын заң бойынша біржақты еткен мемлекеттердің тәжірибесін саралаған ӨРҰ букмекерлік кеңсесінің басшысы Ғалымжан Дуамбековтың пайымдауынша, еуропалық модельді Қазақстан нарығына да енгізуге болады. Тек мемлекеттің секторда ойын индустриясына басқаша көзқарас қалыптастыру керек. «Мыңдаған заңсыз сайттар (шетелдік онлайн казинолар мен букмекерлік кеңселер) біздің клиенттеріміздің де, ҚР-ның лицензияланған ойын бизнесінің де мүдделеріне үлкен зиян тигізеді. Заңсыз ойын сайттарын шектейтін әртүрлі нормалардан заңға бағынатын кәсіпорындар ғана зардап шегеді. Заңсыз букмекерлер заңды сақтамайды. Қазақстаннан мыңдаған шақырым жердегі оффшорлық аймақтарда тіркелген онлайн букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар салық төлемейді. Олар клиенттерін алдайды. Ұтқан ақшасын бермей қояды. Ал қарапайым адамдар мұндай жағдайда өздерін қорғай алмайды. Мәселе мұндай заңсыз сайтты бұғаттауға тым көп уақытты кететіндігінде ғана емес. Басты мәселе – адамдардың білімсіздігі: көп адамдар білместіктен «заңсыз БК сайттарын» кәсіби бизнеспен шатастырады. Бүгінгі жиында осы мәселелерді де көтердік.

Бұл конференция кәсіпкерлік субъектілеріне де, мемлекеттік органдарға да пайдалы болды. Өйткені мемлекеттік органдарда ойын бизнесінің қазіргі жұмыс істеу форматын білмейді. Мәселен, бүгінде бәс тігу ұйымдары, ойын бизнесі субъектілері бұрынғыдан мүлдем басқа форматта жұмыс істейді. Қазіргі кезде ойын индустриясында төлемдер мен барлық транзакциялар функциясы цифрлық жүйеге көшкен. Ал көптеген мемлекеттің қызметкерлер «құмар ойыны» туралы мәселе қозғалғанда әлі де ескіше ойлайды. Мемлекеттік сектордың барлық өкілдері ойын бизнесінің заманауи шындығын көруге, әлемдік тәжірибені талдауға, ең жақсы жаһандық реттеу тәжірибесімен таныс болуға қызығады деп сенеміз. Ойын секторының қоғамға кері әсері заңсыз құрылымдардың қызметіне тікелей байланысты екенін түсінетін уақыт жетті, яғни ойын бизнесін дұрыс бағытқа қарай реттеу керек. Мемлекет ойын бизнесімен күреспей, оның қызметін көптеген батыс елдеріндегідей заңсыз құрылымдарды жою, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жауапкершілік қағидаттарын енгізіп, басшылыққа алғаны дұрыс болар еді. Бүгінгі конференцияны өткізудегі мақсатымыз – мемлекеттік құрылымдарға ойын бизнесінің қалай жұмыс істейтіні, заңсыз букмекерлік кеңселердің сайты қалай зиян келтіретінін, әлемде букмекерлік кеңселердің жұмыс істеу бағытын түсіндіру болды. Бұл – біріншіден. Екіншіден – бізде ойын бизнесін халықаралық реттеу ұйымы жұмыс істейді, ойланбай қабылданған заңдардың салдары қандай жағдайларға әкеп соқты?Осы ақпараттарды мемлекеттік органдарға жеткізгіміз келді», – деді ӨРҰ букмекерлік кеңсесінің басшысы Ғалымжан Дуамбеков.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстанда букмекерлік сала жылдам дамып келеді. Сондықтан Қазақстанда ойын бизнесіне қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Е. Еркінбаев Қазақстанда құмар ойындар мен бэттингтің заңды индустриясын дамытудың негізгі аспектілерін, саланы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы құқық қолдану практикасының ерекшеліктерін және ойын бизнесі саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, кірістерді, салық режимін жылыстатуға және заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін атап өтті.

Вице-министр қатысушыларға қоғамдағы құмар ойындарға тәуелділік проблемасының өзектілігі мен өткірлігіне ерекше назар аударды, өйткені «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» жүргізіліп жатқан саясаты шеңберінде азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мен Парламент депутаттары тарапынан құмар ойындар мен бәс тігу нәтижесінде туындайтын қазақстандық отбасылардағы проблемаларға шағымдар саны артып келеді – бұл әлеуметтік саланың негізгі индикаторы мемлекеттер. Конференция қорытындысында қатысушылар «жауапты ойын», ойын бизнесін реттеу туралы заңды біржақты етпей, құмар ойындардың принциптерін есепке алмай, ойын индустриясының тұрақты дамуы мүмкін емес. Бұл тұрғыдан ойын бизнесі, құмар ойын туралы әлемдік озық тәжірибелерді ескеру керек» деген қорытындыға келді.

Олжабек Байқуатов

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған