Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.