«Невада-Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Владимировна дүние салды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қайғылы хабар туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook парақшасында жазды.
«87 жасында Олжас Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна қайтыс болды», — делінген хабарламада.
18 мамырда белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов 87 жасқа толады.
Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна коронавируспен ауырған еді.