Пятница, 29 ноября, 2024

Оралда 10 жасар жанкүйер ойыннан соң стадиондағы қоқысты тазалады

Оралда «Ақжайық» пен «Жеңіс» арасындағы ойыннан соң 10 жасар жанкүйер стадионды қоқыстан тазалады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, матчтан кейін стадион іші газет беттері мен сусын құтыларына толды.

Өзімен бірге қоқыс салатын полиэтилен қап алып келген қаршадай бала стадион ішін тазалады. Оның есімі — Әлихан. 10 жаста. Өзі де футболшы. «Жайық жастары» командасында жаттығады.

Негізі тек өзім жинамадым. Қасымда Мансұр, Нұртас және Нәдір деген достарым болды. Олар жиналған қоқысты арнайы жәшікке салуға төмен түсіп кеткен еді — деді Әлихан.

Әлиханға «Ақжайық» командасының өз алаңында өтетін ойынында сыйлық тапсырылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» астаналық «Жеңіспен» тең тарқасқанын жазған болатынбыз.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған