Орал қаласында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Орал қаласының тұрғыны, 1987 жылғы келіншек қалалық көпбейінді ауруханада 16 шілде күні салмағы 6 кг 170 грамм тартатын ұл баланы дүниеге әкелді.
«Аталмыш шақалақ – отбасындағы үшінші бала. Бойы — 63 см. Қазіргі кезде дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Ауруханадан ертең шығарады», — делінген БҚО денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.