Оралда белгісіз бес ер адам кәсіпорындағы сейф пен сыртта тұрған көлікті ұрлаған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамызға қараған түні белгісіз біреулер кәсіпорынды тонап кеткен. Олар 59 жастағы күзетшіге шабуыл жасап, 30 000 теңгесі бар темір сейфті ұрлап, компанияның көлігін айдап кеткен.
“Олар аулада тұрған Ларгуспен оқиға орнынан кетіп қалған. Көлік пен сейф қала көшелерінің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішінен ақша ұрланған», — деді полиция.
Анықталғандай бес қала тұрғыны ұсталды. Олардың бұрын сотталғаны анықталды. Қазір тергеуге алынған.