ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Операция барысында қала кафелерінің бірінде қылмыстық топтардың 20-дан аса қатысушысы ұсталды, кейбіреуі бұл жерге қарумен келген.
«Күдіктілерден екі «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, «тегіс ұңғылы шолақ мылтық», дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленді», — делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.