Среда, 27 ноября, 2024

Өскеменде құқық қорғаушы өзінің қайтыс болғаны туралы хабарлама алған

Өскеменде қала тұрғыны міндетті зейнетақы жарналарын аударғанымен, төлемі өзіне қайтарылған. Оған жеке тұлғалардың деректер базасында төлеушінің «қайтыс болғаны» туралы ақпарат тіркелгені себеп болған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен оқиғаны жариялады.

«Менің жағдайымды елестетіп көріңізші: Kaspi қосымшама менің қайтыс болғаным туралы жазбаша хабарлама келді. Мен қайтыс болыппын! Ол аздай, маған 7 000 теңге – зейнетақы қорына төлемім қайтарылды. Мұны қалй түмінуге болады?» — деп жазады құқық қорғаушы.

Өскемендік азамат кейінне жағдайды анықтап, нәтижесін бөліскен.

«Қарапайым себеп те адамның жүрегін ұшырады екен. Бағдарламадан ақау шығыпты» — дейді тұрғын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған