Среда, 27 ноября, 2024

Өскеменде жас жігіттер ер адамды ұрып кеткен

ШҚО-да бұзақылар бақылау камераларының көмегімен ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

ҚР ІІМ мәліметінше, 9 шілде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамның дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылдары туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, — делінген мәліметте.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған