Четверг, 28 ноября, 2024

Отандық кино сеанстарының саны 296 мыңға дейін өсті

Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2022 жылы киносеанстарға барушылар саны 17 млн-нан асты, бір жыл ішінде көрсеткіш екі еседен астам өсті (2021 ж – 6,6 млн.). Қазақстандықтар Ұлттық фильмдер сеанстарына көбірек бара бастады. 2021 жылы отандық фильмдердің көрсетілімдерін 931 мың барушы көрді, бұл келушілердің жалпы санының 12,1%-ы болса, 2022 жылы ұлттық киноға барушылар үлесі 53,6% құрады», делінген бюро хабарламасында.

Бұл ретте өткізілген отандық кино сеанстарының саны 2021 жылғы 66 мыңнан 2022 жылы 296 мыңға дейін өсті.

«Толық метражды фильмдерге барғандардың басым бөлігі АҚШ-та жасалған фильмдерді көрген – 7 млн бару, одан кейін қазақстандық (4,7 млн бару), ресейлік (486,1 мың бару), британдық (176,1 мың бару) және австралиялық (46,5 мың бару) фильмдер.

Киносеанстарға баратындардың көбеюіне байланысты киносеанстарды өткізетін ұйымдардың кірісі де өсті – 2021 жылғы 13,5 млрд теңгеден 2022 жылы 26,8 млрд теңгеге дейін», делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған