Среда, 27 ноября, 2024

«Отбасы банк» депозиттерді сату қызметін тоқтатады

«Отбасы банк» депозиттерді сату қызметі тоқтайтынын хабарлады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2023 жылғы 21 тамыздан бастап «Отбасы банкінде» интернет-банкинг арқылы «Депозитті онлайн тағайындау» (депозитті сату) қызметінің жабылатыны туралы хабарлаймыз.

2023 жылдың 21 тамызына дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін бастаған банк клиенттері көрсетілген күннен кейін банктің осы қызметті көрсету шарттарына сәйкес стандартты режимде процестерді аяқтау мүмкіндігіне ие болады», — деді компания өкілдері.

Бұл ретте банк депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігін қалдырды.

Еске салайық, «Отбасы банкіндегі» жүйе салымшы депозитін банкте неғұрлым ұзақ сақтаса, оның банктен алған ипотекалық сыйақысы соғұрлым аз болатындай жұмыс істейді. Бұрын клиенттің ұзақ уақыт бойы жинақтауға мүмкіндігі болмаса, ол басқа салымшылардан депозитін төмен ипотекалық мөлшерлемемен сатып ала алатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған