Среда, 27 ноября, 2024

«Өтірік айтуды доғарыңыз»: Белгілі блогер Бағдат Мусинге мәлімдеме жасады (видео)

Танымал блогер Алексей Қайықбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді өтірік айтуды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Астанада адамдар неге ашулы? Оның екі себебі бар. Біріншісі – климат, мұнда үнемі жел соғады, ал екіншісі – байланыс пен интернет сапасы. Бағдат Мусин, сіздің қойылымыңызды көрген сайын жүзіңізде, бізде интернет жақсы деген жарқын, эмоционалды өрнекті байқаймын. Алайда Астананың бәрі интернет нашар дейді. Астанадағы байланыс пен интернеттің сапасы сұмдық екенін мойындайтын уақыт жетті, өтірік айтуды доғарыңыз», – деді Алексей Қайықбаев әлеуметтік желідегі үндеуінде.

Блогер көптеген елордалық тұрғын үйлерде қосылымның жақсы болмайтынын айтты. Оның айтуынша, «Будапешт», «Мәңгілік Ел», «Promenade Expo» тұрғын үй кешенінде интернет баяу.

«Байланыс пен интернет сапасы жағынан Токионы басып оздық деп айтқаныңызда, ол сөзге өзіңіз де сенбей тұрдыңыз. Өйткені мұның бәрі сізге қағаз жүзінде әкелінді. Ол ақпараттың бәріне факчекинг жасауға кеңес беремін. Сіз бұған өзіңіз көз жеткізуіңіз керек. Менің достарым қазір Токиода тұрады. Олар да кезінде Қазақстанда тұрып кеткен. Жапониямен салыстыруға болатын нәрсе бар. Олар сіздің сөзіңізді естігенде күлдi», — деді Алексей Қайықбаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған