Қазақстанда өткен тәулікте 87 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 2 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 600 адам коронавирус инфекциясынан (–2 406+ және 194 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр,
— 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өкінішке қарай, COVID-19 пневмониясынан 1 адам көз жұмды.