Вторник, 26 ноября, 2024

Өткен жылы Астанада қос азаматтығы бар 43 адам жазаланды

Былтыр өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қос азаматтыққа қарсы тиісті шаралар қабылданды. Өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 753 адам анықталды. Оның 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді А. Жомартова 2022 жылы көші-қон саласында атқарылған жұмысқа қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға өтініш тапсырған 1 мың 956 шетел азаматы тіркелгенін айтты.

«Қазіргі кезде елордада тұрақты тұратын шетел азаматтарының саны 14 мыңға жақында. Оның 6 мыңы этникалық қазақ. Сонымен қатар, қалада 361 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр», — деді Анар Жомартова.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған