Четверг, 28 ноября, 2024

Өзбекстанда ең үлкен дөнер дайындалды

Өзбекстанда Наманган қаласында Наурыз мерекесіне орай ұзындығы 80 метрлік дөнер дайындалды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оны дайындау үшін облыстың түкпір-түкпірінен 100 аспаз жиналған. Тағамға 80 келі ет, 40 келі қызанақ пен қияр, 15 келі қуырылған картоп, 20 литр тұздық және басқа да өнімдер пайдаланылған.

Дайын дөнердің шамамен салмағы 160 келі болған.

Айта кетейік, бұған дейін ең ұзын дөнер Ташкентте дайындалған, оның ұзындығы 31,5 метр болған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған