ҚР ҰҚК Шекара қызметі қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Пәкістанның 9 азаматы елге заңсыз өтпек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», — делінген хабарламада.
Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.